Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

|
📷 Фото: pexels.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

|
Фото: pexels.com

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды aristocrat.biz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

күмәнді хабарламаларға сенбеу;

бөгде сілтемелерге өтпеу;

белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;

алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

Menu