Өз салаңның Аристократы бол!
Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды
Қоғам

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

|
📷 фото: pixabay.com
Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды
Қоғам

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

|
фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды aristocrat.biz. 

2024 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құраған. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен.

Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жас.

Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.

Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Menu