Желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан суреттер жарияланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Оны жұрт Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы ретінде де таниды, деп хабарлайды Aristocrat.biz..
Фотосессия авторы және ерекше стиль
Суреттерді танымал фотограф Мирас Баянов түсірген. Ол отандық және халықаралық брендтермен жұмыс істейтін кәсіби маман ретінде белгілі.
Фотограф өз парақшасында:
«Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды. Ғажайып Әсел менің көзқарасыммен», – деп жазған.
Желі қолданушылары Исабаеваның сұлулығына жоғары баға беріп, пікірлерде оның нәзіктігі мен харизмасын ерекше атап өткен.
Әсел Исабаева кім?
Әсел Исабаева – Astana Ballet театрының арт-менеджері. Ол театрдың негізін қалаушылардың бірі және шығармашылық бағыттың авторларының қатарында.
Сонымен қатар, ол Қазақстандағы көркем гимнастиканы дамытуға бағытталған қорды да басқарады.

Назарбаевпен байланысы
Көпшілікке Әсел Исабаева Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы ретінде белгілі. Экс-президент бұл туралы өзінің Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа атты мемуарында жазған.
Оның айтуынша, олар мұсылман жолымен некесін қиған. Бұл некеден Тауман және Бәйкен есімді екі ұл дүниеге келген.
Қоғамдағы қызығушылық
Жаңа фотосессия әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Пайдаланушылар:
«Қандай әдемі!»
«Ғажап образ!»
«Өте нәзік әрі әсерлі»
сияқты пікірлер қалдыруда.