Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

|
📷 Фото: Ішкі істер министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

|
Фото: Ішкі істер министрлігі

Атырау маңындағы Геолог шағын ауданында Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылды. Дереккөздердің мәліметінше, оларды өлтіріп, уақытша баспананың ауласына көмген, деп хабарлайды Aristocrat.biz “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап.

Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын өзі тұрған Геолог шағын ауданындағы үй ауласына көмгенін айтты.

Бұл ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген аумаққа барып, қайта тексеріп, екі адамның мәйітін тапты.

Марқұмдардың денесі табылған ауладағы үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге тұрған. 

Жоғалған отбасының барлық мүшелері табылды, енді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, іздестіру жұмыстары желтоқсаннан бері жалғасып келген. Оған полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардия қатысып, жылжымалы штаб ұйымдастырылған. Үй ауласын және оған жақын жерлерді арнайы техника, соның ішінде георадарлар арқылы тексергенімен, бастапқы іздестіру нәтиже бермеген еді.

Ал бұған дейін Жангельдин ауылындағы сарайдан ерлі-зайыптының денелері табылған еді.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың күзінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған. Кейін олардың екеуі ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері үй ауласынан табылды. Ал олардың балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев әлі де іздеуде еді. Бұл іс бойынша отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде іздеуге жарияланған еді.

Menu