Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

|
📷 Видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

|
Видеодан скрин

Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлерінің арасында залда қойылатын әндерге байланысты мәселе туындаған.

Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде тек орыс, түрік және грузин тіліндегі әндер қосылып жүрген, ал қазақ тіліндегі әндерге орын берілмеген. 

"Мен қазақша ән қосу үшін пультке бардым. Әріптесім: "Жоқ, қажеті жоқ, біз мұндайды тыңдамаймыз" деді. Дегенмен мен қосып, кетіп қалдым. Клиенттерім кеткен соң, әнді неге өшіріп тастағанын сұрадым. Ол: "Мен саған айттым ғой, біз мұндайды тыңдамаймыз. Мұны кім тыңдайды?" деді", – дейді әйел. 

Әріптестер арасындағы дау тез аяқталған. Алайда оқиғадан кейін Әлиева полицияға арыз жазған.

Қазақ әндерін балағаттаған әйелге қатысты “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру” дерегі бойынша тергеу басталған.

Menu