Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты" Әнші Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды

|
📷 Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты" Әнші Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды

|
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әншілер Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекова Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Дубай қаласында қалып қойды. Бұл туралы Aristocrat.biz  хабарлады.

Әуе рейстері тоқтатылған

Өнер иелері демалыс мақсатында Біріккен Араб Әмірліктері еліне барған. Алайда аймақтағы жағдайдың күрделенуіне байланысты барлық әуе рейстері уақытша тоқтатылған. Соның салдарынан жұлдызды жұп Қазақстанға қайта алмай отыр.

Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасап, алаңдамауға шақырды.

“Директ пен WhatsApp-қа жазып жатқан барлық туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге көп рақмет! Алла қаласа жақсы күнде жолығамыз”, – деді әнші.

Дубайдағы жарылыстар туралы видео

Бүгін Жазира Байырбекова Дубайдағы жарылыстар жайында пікір білдірді. Оның айтуынша, қатты шыққан жарылыс дыбыстарынан балаларын қорқытпау үшін жағдайды “мерекелік отшашу” деп түсіндірген.

“Даратайымды ‘мереке қарсаңында салюттер атылып жатыр’ деп алдап қоямын. Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты”, – деп жазды ол.

Желіде тараған видеода қызы:

“Бір нәрсе біз жаққа түсті. Ол біздің үй жақ па?” – деп сұрайды.

Кадрлардан зымыраннан қалған түтін іздері байқалады.

Ұлы Мальдив аралдарында ұсыныс жасаған еді

Айта кетейік, жақында ғана Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдары демалыс аймағында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, діни некесін қиған болатын.

Қазіргі таңда өнер иелері Дубайда қауіпсіз жерде екендерін айтып, елге оралу үшін ресми ақпаратты күтіп отыр. Жанкүйерлері әлеуметтік желіде қолдау білдіруде.

Menu