Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Экс-күйеуінің сұхбаты үшін сотқа жүгінген Дариға Бадықова жеңіліп қалды

|
📷 Фото: Бейнеден кадр
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Экс-күйеуінің сұхбаты үшін сотқа жүгінген Дариға Бадықова жеңіліп қалды

|
Фото: Бейнеден кадр

Актриса Дариға Бадықова экс-күйеуінің Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатынан кейін сотқа жүгінген. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай айтты, деп хабарлайды Aristocrat.biz

Заңгер сотта Нұрсейіт Жылқышыбайдың мүддесін қорғап, Дариға Бадықованы жеңгенін мәлімдеді. Актриса Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізген YouTube-сұхбатты жалған деп тануды, видеоны өшіруді, кешірім сұрауды және 1 млн теңге моральдық зиян өндіруді, 2,5 млн теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өтеуді талап еткен. 

«Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», — деді заңгер. 

Айта кетейік, актрисаның экс-күйеуі Дархан Мұсаев Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube жобасында отбасылық өмірін айтып ағынан жарылған еді. 

Menu