Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Пойызда ауызашар кезінде су мен құрма тегін беріледі

|
📷 Фото: Depositphotos.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Пойызда ауызашар кезінде су мен құрма тегін беріледі

|
Фото: Depositphotos.com

Рамазан айында пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Aristocrat.biz..

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа тәртіп 40 вагон-мейрамханада енеді. Енді олар күн сайын сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ораза ұстайтындарға қолайлы жағдай жасау үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін қосымша ашық болады. Осы уақытта жолаушылар таңғы асын ішіп үлгере алады. Рамазан айына орай вагон-мейрамханада арнайы әзірленген мәзір ұсынылады. Ал ауызашар кезінде жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Сонымен қатар қасиетті айда пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды, — делінген хабарламада.

Menu