Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ардагерлер кеңесінің алқалы жиыны

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ардагерлер кеңесінің алқалы жиыны

|
ашық дереккөзден алынды

Жақында Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалпы жиналысы өтті. 
Іс-шара Ұлы Отан соғысына қатысқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қалыптасуына және отандық арнаулы қызметтің құрылуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өмірден өткен ардагерлердің жарқын рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етуден басталды. 
Жиналыстың жұмысына өңірлік ардагерлік ұйымдардың делегаттары, Орталық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы ҰҚК өкілдері, сондай-ақ Сыртқы барлау қызметінің, Шекара қызметінің «Застава тарландары» РҚБ-ның, Үкіметтік байланыс қызметінің және «Арыстан-А» терроризмге қарсы ардагерлер қауымдастығының ардагерлері қатысты.
Кездесу барысында бірлестіктің есептік кезеңдегі қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы жұмыс бағыттарының басымдықтары, сондай-ақ ардагерлік қозғалысты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі тезистеріне ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының ардагерлері Мемлекет басшысының саяси бағытын және еліміздің одан әрі дамуына, мемлекеттілікті нығайтуға, ұлттық бірлік пен қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жаңа бастамаларын бір ауыздан қолдайтынын білдірді.
Басқосу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ермек Сағымбаевтың атынан құттықтау сөзбен ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы Ерлан Шаяхметов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеудегі, кәсіби дәстүрлерді сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, сондай-ақ ҰҚК органдары жүйесіндегі буындар сабақтастығын қамтамасыз етудегі айрықша рөлін атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес бірлестіктің басшы органдарына сайлау өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы болып Бекназаров Кенжеболат Көкішұлы қайта сайланды.
Жиналысқа қатысушылар ардагерлік қауымдастықты одан әрі топтастырудың, ардагерлерді әлеуметтік қолдауды күшейтудің және республикалық қоғамдық бірлестіктің елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
ҚР ҰҚК Ардагерлер кеңесі
 

Menu