Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трамп Мадуроны ұстау кезінде АҚШ қолданған құпия қарудың атын айтты

|
📷 Фото: brestcity.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трамп Мадуроны ұстау кезінде АҚШ қолданған құпия қарудың атын айтты

|
Фото: brestcity.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жасалған шабуыл және ел президенті Николас Мадуроны ұрлап әкету барысында америкалық әскерилер қолданды делінетін құпия қарудың атауын жария етті, деп хабарлайды Aristocrat.biz New York Post басылымына сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, операция кезінде discombobulator деп аталатын құрал пайдаланылған.

“Дискомбобулятор. Бұл туралы айтуыма болмайды. Олар зымырандарын іске қоса алмады. Оларда ресейлік және қытайлық зымырандар болды, бірақ бірде-бірі жұмыс істемеді. Біз кірдік, олар түймелерін басты, ештеңе болған жоқ. Олар шабуылға толық дайын еді”, – деді Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, discombobulator – қарсы жақты бағдарынан жаңылдыратын құрал деп аударуға болады.

Бұған дейін New York Post аты-жөні көрсетілмеген венесуэлалық әскери қызметкерге сілтеме жасап, Мадуроны ұстау операциясы кезінде америкалықтар жергілікті әскер бұрын-соңды көрмеген белгісіз қару қолданғанын жазған.

Басылым дерегінше, Венесуэлаға десантпен түскен америкалық сарбаздар “қатты дыбыстық толқын” шығаратын ерекше қаруды пайдаланған. Куәгердің айтуынша, кенеттен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің радарлары істен шығып, аспанда көптеген дрон пайда болған. Одан кейін тікұшақтар ұшып келген.

“Бұл өте күшті дыбыстық толқынға ұқсады. Бас іштен жарылып кететіндей болды. Бәрінің мұрнынан қан кетті, кейбірі қан құсып жіберді. Қозғала алмай жерге құлап қалдық”, – деді оқиға куәгері.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Венесуэладағы “Абсолютті шешім” атты операциясы 3 қаңтарға қараған түні жүргізіліп, бар болғаны 2 сағат 20 минутқа созылған. АҚШ әскері Каракасқа жаппай соққы жасап, президент Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, елден кемемен алып кеткен. Қазір олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр делінеді.

Menu