Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әлемдегі ең қымбат балық 1,6 миллиард теңгеге сатылды

|
📷 Фото: Guardian.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әлемдегі ең қымбат балық 1,6 миллиард теңгеге сатылды

|
Фото: Guardian.com

Жапониялық ресторатор, “тунец патшасы” деген лақап атпен танымал Киёси Кимура Токиода өткен дәстүрлі жаңажылдық балық аукционында тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Aristocrat.biz. Agence France-Presse-ге сілтеме жасап.

Кимура Жапонияның солтүстік жағалауынан ауланған, салмағы 243 келі болатын тунецті сатып алды. Сауда барысында лоттың бағасы 510,3 миллион иенге дейін көтерілген. Бұл шамамен 1,6 миллиард теңгеге тең.

Жаңажылдық аукционда сатылған балықтың бағасы мұндай деңгейге 1999 жылдан бері жетпеген. Осыған дейін соңғы 25 жылдағы ең қымбат тунец ретінде 2019 жылы сатылған, салмағы 278 келі болатын балық тіркелген еді.

“Арзанға аламын деп ойлағанмын, бірақ көзді ашып-жұмғанша баға шарықтап кетті. Баға мені таңғалдырды”, – деді Киёси Кимура.

Рекордтық тунец бөлшектеліп, Кимураның мейрамханаларында сатылатын сушиге айналады. Бір роллдың бағасы 500 иен (шамамен 1600 теңге) болады деп күтіледі.

Айта кетейік, 2016 жылы Кимура Токиодағы Цукидзи ауданында өткен соңғы жаңажылдық аукционда салмағы 200 келі болатын тунецті 14 миллион иенге (45 миллион теңгеге жуық) сатып алған.

Menu