Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті

|
📷 Фото: azattyq.org
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті

|
Фото: azattyq.org

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәли Әлиевтің меншігіне өтті, деп хабарлайды Aristocrat.biz. Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, нысан бұған дейін экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.

Резиденция ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді. 

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиен немересі Нұрәли Әлиевке қарасты Service Engineering Group деген компания.

Жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Service Engineering Group-тің түпкі иесі былтыр "Capital Holding" ЖШС және "Darmen Holding" ЖШС деген екі компания болған. Бұлардың ішінде Darmen Holding-тің түп төркіні Нидерланд офшорында тіркелген Greatex Capital Holding B.V. деген компания. Forbes.kz мәліметінше, Әлиев Қазақстандағы активтерін осы компаниялар арқылы басқарады.

Нұрәли Әлиев Forbes есебінше, былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 миллион доллармен 39-орынға жайғасқан. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі "Транстелекомды" сатты. 

Жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарайға дейін тас жол төселген, газ бен жарық тартылған. 2016 жылдан 2022 жылға дейін жылжымайтын мүлік Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған.

Ал осыдан шамамен үш жыл бұрын түрмеде жатқан Қайрат Сатыбалдының атында тұрған Үшқоңыр резиденциясы экс-президентке сыйға берілгеніні туралв ақпарат тараған еді. 

Menu