Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

|
📷 фото: shutterstock
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

|
фото: shutterstock

Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Aristocrat.biz..

Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді.

Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.

– Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Menu