Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Шайтанның азғыруына ердім": Қазақ тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты

|
📷 Фото: Видео кадрларынан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Шайтанның азғыруына ердім": Қазақ тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты

|
Фото: Видео кадрларынан скрин

32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта айыпталушы, марқұмның жұбайы Айбар Жанболат соңғы сөзін сөйледі. Ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, кешірім сұрады, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Айзаттың күйеуі әйелін өлтіргісі келмегенін айтты. 

"Баршаңыздан кешірім сұрағым келеді. Жасаған ісімді мойындаймын, оны өлтіргім келген жоқ. Бұл абайсызда болды. Шайтанның азғыруына ергенімді мойындаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Үкімге де, жазаға да дайынмын, кінәмді түсінемін. Алла Тағала бұл ісім үшін мені кешірсін", – деді Жанболат сотта.

Прокуратура Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда қаза тапқан Айзаттың анасы Салтанат Джұманова өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған. 27 қарашада сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді.

Menu