Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр – Такер Карлсон

|
📷 Фото: ТАСС
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр – Такер Карлсон

|
Фото: ТАСС

 Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыру туралы шешімі АҚШ-тың дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын білдіреді. Бұл туралы белгілі америкалық тілші Такер Карлсон мәлімдеді, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

- Мұндай бюджет жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Әлбетте, біз сол бағытта, дүниежүзілік соғысқа қарай бет алып барамыз, - деп мәлімдеді Такер өзінің авторлық бағдарламасында. 

Консервативті тілшінің атап өтуінше, көпшілік бұлай болмайды деп үміттеніппп отыр, бірақ оқиғалардың сол бағытта дамып келе жатқаны анық.

Еске сала кетсек, бұған дейін Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыратынын мәлімдеді.

Америкалық көшбасшының пікірінше, мұндай шешім әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.


 

Menu