Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Билл Гейтс, «Лолита»: Демократтар Эпштейн мұрағатынан жаңа фотосуреттер жариялады

|
📷 Фото: Axios
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Билл Гейтс, «Лолита»: Демократтар Эпштейн мұрағатынан жаңа фотосуреттер жариялады

|
Фото: Axios

 Өкілдер палатасының бақылау комитетінің демократтары Джеффри Эпштейннің үйінен алынған 68 фотосуретті жариялады, , деп хабарлайды Aristocrat.biz CBC News-ке сілтеме жасап.

Демократтардың хабарлауынша, бұл фотосуреттер комитетке өткен аптада келіп түскен 95 000 суреттің қатарына қосылды. Фотосуреттерді мына жерден көруге болады.

Бірнеше фотосуреттерден белгісіз адамдардың дене мүшелеріне жазылған Владимир Набоковтың «Лолита» романының үзінділерін көруге болады.


Фото: АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау және үкіметтік реформалар жөніндегі комитеті
New York Times газетінің хабарлауынша, Эпштейн «Лолитаның» бірінші басылымын Нью-Йорктегі үйінің кабинетінде сақтаған. Романда бір ер адамның 12 жастағы қызға деген құмарлығы және онымен жыныстық қатынасы туралы әңгімеленеді.
Жарияланған суреттерде Италия, Литва, Украина, Чехия, Африка және Ресей азаматтарына тиесілі әртүрлі жеке куәліктер мен төлқұжаттар бар, ақпараттың көп бөлігі өшірілген. Демократтар құжаттардың «Джеффри Эпштейн мен оның серіктестері қарым-қатынаста болған әйелдерге» тиесілі екенін мәлімдеді.

Бір фотосуретте миллиардер Билл Гейтс беті жабылған белгісіз әйелмен тұрғаны көрсетілген.


Фото: АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау және үкіметтік реформалар жөніндегі комитеті
Гейтс Эпштейнмен бірге Гейтстің қайырымдылық ісіне байланысты бір уақыттарда бірге уақыт өткізгенін айтады. Бұл оның айтуынша 2021 жығы «үлкен қателік» болды.
Тағы бір фотосуретте Эпштейннің танымал лингвист Ноам Хомскиймен бірге ұшақта отырғаны көрсетілген.


Фото: АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау және үкіметтік реформалар жөніндегі комитеті
- Біріншіден, бұның сіздерге немесе басқа біреуге қатысы жоқ. Екіншіден, мен оны білетінмін және біз анда-санда кездесіп тұратынбыз, - деп жауап берді Хомский Wall Street Journal газетінің Эпштейнмен қарым-қатынасы туралы сұрақтарына.

Фотосуреттер арасында Дональд Трамптың, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның, АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Ларри Саммерстің, миллиардерлер Билл Гейтс пен Ричард Брэнсонның және режиссерлер Вуди Аллен мен Стив Бэннонның суреттері де болды. Алайда фотосуреттердің ешқайсысында ондағы тұлғалардың Эпштейн қылмысына қатысы бары туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді. Алайда Ақ үй демократтарды Трамп туралы «жалған әсер қалдыру» үшін өздеріне қажетті фотосуреттерді ғана «теріп» алды деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Джеффри Эпштейн балаларды сексуалды мақсатта сату жөніндегі айыптаулармен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу камерасында өз-өзіне қол жұмсады. Оның өлімі суицид деп танылғанымен, Трамптың кейбір жақтастары оның кәмелетке толмаған қыздарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысы бар ықпалды адамдардың есімдерін жарияламауы үшін өлтірілген деп санайды.

Бұған дейін Эпштейн ісіне АҚШ-тың көрнекті тұлғаларының қатысы бар екені хабарланған болатын.

Сондай-ақ Трамп Эпштейннің құпия файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды.

Menu