Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қандай жағдайда мобильдік аударымдар тексеріледі?

|
📷 abai.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қандай жағдайда мобильдік аударымдар тексеріледі?

|
abai.kz

деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты енгізіледі, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін мобильді аударымдарды бақылауға алу үшін екі өлшемшарт қолданылған. Атап айтқанда, аударымдар үш ай қатарынан түсіп, 100-ден астам түрлі адамнан келуі тиіс болатын (мысалы, қаңтар, ақпан және наурыз айларында). Алайда мұндай жағдайлар бұрын бақылауға алынбай келген.

Енді аударымдардың жалпы сомасы туралы үшінші өлшемшарт енгізілді.

Жаңа ережелер қараша айында қабылданды, Ұлттық банкпен келісілді және барлық тараппен талқыланды. Біз аударымдардың жиынтық сомасын қостық. Енді бақылау үшін үш талап бір мезгілде орындалуы керек, – деді вице-министр.

Ол жаңа ережелердің қалай қолданылатынын мысалмен түсіндірді. Мәселен, бір ғана өлшемшарт орындалса, аударым сомасы 1 млн теңгеден асса немесе 110 адамнан ақша түссе, мұндай аударымдар бақылауға алынбайды.

Бақылау үш талап бір уақытта орындалғанда ғана жүргізіледі:

үш ай қатарынан,

100-ден астам әртүрлі адамнан аударым түсуі,

осы кезеңдегі аударымдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асуы.

Мұндай жағдайда жеке тұлғаға салық төлеуші ретінде деректерді түзету және түсініктеме беру үшін хабарлама жолданады.

Егер бұл жағдайлар әртүрлі айларда болып, “үш ай қатарынан” талабы сақталмаса, бақылау қолданылмайды, – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр жалған ақпараттардың тарауына байланысты бұл мәселені тағы бір мәрте нақтылай кеткенін айтты.

Бәріміз мобильді аударымдарды пайдаланамыз: туыстарымызға ақша жібереміз, балаларымызға аударамыз, достарымызға көмектесеміз, кейде қарыз береміз. Мұның бәрі заңды, мұндай аударымдарға қатысты ешқандай сұрақ туындамайды. Ал егер бұл кәсіпкерлік қызметтің белгілері болса, яғни жүйелілік байқалса, онда тиісті шаралар қабылданады, – деді вице-министр.

Menu