Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тауар сатып алсаңыз WhatsApp-тағы хат алмасу келісімшарттың бір бөлігі болады: Заңға жаңа норма енгізілмек

|
📷 Фото: Ru.freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тауар сатып алсаңыз WhatsApp-тағы хат алмасу келісімшарттың бір бөлігі болады: Заңға жаңа норма енгізілмек

|
Фото: Ru.freepik.com

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Instagram-дағы тікелей эфир кезінде тауар немесе қызмет сатып алуға қатысты кез келген хат алмасу келісімшарттың бір бөлігі болып саналатыны туралы заңға жаңа норма енгізілгенін айтты , деп хабарлайды Aristocrat.biz.

“Енді біз мынаны енгіземіз: кез келген әңгіме, бейнежазба, WhatsApp-тағы кез келген хат алмасу мен жарнама — келісімшарттың құрамдас бөлігі. Біз хат жазыстық делік, мен Kaspi арқылы ақша жібердім, ал сен маған “үш жылға кепілдік” деп уәде бердің. Мұның бәрі келісімшарт болып саналады. Егер ол орындалмаса, “бізде келісімшарт болған жоқ” деп айта алмайды, өйткені бәрі хат алмасуда бар”, — деп түсіндірді депутат.

Сондай-ақ депутат егер келісімшарт орындалмаса, азамат кәсіптен ақшаны өндіріп алуды талап етпей-ақ, тікелей сотқа жүгіне алатынын айтты.

“Кей судьялар мұндай істерді қабылдағысы келмей, мәселені кәсіпкермен өзара шешуге жібереді. Бірақ іс жүзінде олар арызды қабылдауға міндетті”, – дейді Мұрат Әбенов.

Егер сот тұтынушы құқығының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкер ақша қайтаруға және айыппұл төлеуге міндетті. Мұндай шара бизнес өкілдері өз міндеттерін адал орындауы үшін қабылданып отыр.

Menu