Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб кигендер жауапқа тартылып, 39 320 теңге айыппұл төлейді

|
📷 Фото: pixabay.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб кигендер жауапқа тартылып, 39 320 теңге айыппұл төлейді

|
Фото: pixabay.com

Мәжіліс қоғамдық орындарда никаб кигендер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізетін жаңа заңды қабылдады. Заң бойынша алғашқы рет ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Мәжіліс презиенттің тапсырмасы бойынша әзірленген "Құқықбұзушылық профилактикасы туралы" жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (никаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі.

Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады. Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді.

Сонымен қатар профилактика моделінің өзі қайта қаралады. Енді оған жалпы, жеке және арнайы шаралар енгізіледі. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын орындамағаны үшін мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті билік органдарына жаңа жауапкершілік түрлерін көздейтін түзетулер енгізілді. Енді Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай адамдарды жауапкершілікке тартуға құқылы.

Menu