Еуропа кеңесі мен Еуропарламент өкілдері 2027 жылы Ресейдің табиғи газын импорттауды толық тоқтату туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, , деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Еурокеңестің мәлімдемесіне қарағанда, Ресейдің табиғи газын импорттау 2027 жылы 30 қыркүйекке қарай толық тоқтатылады. Ұзақ мерзімдік келісім бойынша сұйылтылған газды тасымалдау 2027 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы керек. Құбыр бойынша газ тасымалдау 2027 жылы 30 қыркүйекте тоқтатылады.
"Еуропа ендігәрі энергетикалық бопсалау мен экономикалық тәуелділіктің құрбаны болмайды" деп мәлімдеді энергетика жөнінде еурокомиссар Дэн Йоргенсен.