Италиялық концептуалист суретші Маурицио Каттеланның 18 карат алтыннан жасаған 100 келілік «Америка» унитазы бәссаудада 12,1 млн долларға сатылды, , деп хабарлайды Aristocrat.biz. Sotheby's аукцион үйінің сайтына сілтеме жасап.
Салмағы 100 келіден астам 750 сынамалы алтыннан жасалған толық жұмыс істейтін унитаз бұған дейін Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында сатылған болатын. Бастапқы баға алғаш рет бағалы металдың өзінің құнына негізделген болатын. https://www.sothebys.com/en/articles/maurizio-cattelan-america-one-of-the-most-influential-artworks-of-our-time-to-make-auction-debut-at-sothebys
Қазіргі заманғы италиялық суретші Маурицио Каттелан жасаған және «Америка» атауына ие болған унитаз 2016 жылы Нью-Йорктегі Соломон Гуггенхайм мұражайының дәретханасына орнатылғаннан кейін мәдени құбылысқа айналды. Келушілерге оны кәдімгі дәретхана ретінде пайдалану ұсынылды. 100 мыңнан астам адам мұражай атаған «өнер туындысымен бұрын-соңды болмаған жақындықты» сезіну үшін кезекке тұрды.
2019 жылдың қыркүйегінде мүсін Бленхейм сарайында таныстырылды, алайда бес ұры оны тіреуішінен жұлып алып, ұрлап әкетті. Бұл дөрекі ұрлық әлемдік жаңалыққа айналды. Осы жылдың маусым айында екі адам сотталды, бірақ нысанның өзі әлі табылған жоқ.
Sotheby's аукционында көрсетілген туынды – сақталған жалғыз экземпляр.