Өз салаңның Аристократы бол!
350 азаматты алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
Қоғам

350 азаматты алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

|
📷 ашық дереккөзден алынды
350 азаматты алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
Қоғам

350 азаматты алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

|
ашық дереккөзден алынды

ҚМА-ның Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды aristocrat.biz

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.

Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Menu