Aristocrat.biz
Зеленский соғыс аяқталып, бейбітшілік орнаса, Украинада президенттік сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
ашық деректерден алынды

Зеленский соғыс аяқталып, бейбітшілік орнаса, Украинада президенттік сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бүгінгі кездесуде Зеленский соғыс аяқталып, бейбітшілік орнаса, Украинада президенттік сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуді басталды. 

Бұл Трамп пен Зеленскийдің Ресей мен АҚШ саммитінен кейінгі алғашқы кездесуі. Алдын ала ақпарат бойынша АҚШ пен Украина президенттері алдымен жеке сөйлеседі, кейін оларға еуропалық көшбасшылар қосылады деп хабарлады Roll Cal басылымы.

Кездесу барысында Аляскадағы саммиттің қорытындылары талқыланып, елдер Украинадағы қақтығысты аяқтау үшін ортақ стратегия әзірлеуге тырысады. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф кездесудің негізгі тақырыбы – аумақтарды айырбастауды талқылау болатынын айтты. Ол мәміле жақын арада жасалатынына үміт білдірді.

Зеленскиймен бірге АҚШ-қа Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия Канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Италия премьер-министрі Джорджия Мелони, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте келді.