Aristocrat.biz
Жасанды интеллект басқаратын алғашқы мемлекет пайда болды
Фото:pexels

Жасанды интеллект басқаратын алғашқы мемлекет пайда болды

Тынық мұхитында әлемдегі алғашқы жасанды интеллектпен басқарылатын мемлекет пайда болды, деп хабарлайды Pronedra порталы.

Sensay Island жобасын жасаушылардың айтуынша, Исландия-9 аралы AEGIS деп аталатын автономды басқару жүйесін сынақтан өткізу үшін арнайы таңдалған. Бұл жүйені халықаралық мамандар тобы әзірлеген.

Цифрлық мемлекет ретінде танылып үлгерген бұл аралда қазіргі таңда шамамен бес мың ерікті тұрғын өмір сүреді. Мұндағы барлық негізгі шешімдер – ресурстарды бөлу, заңнамалық бастамалар мен басқару процестері – деректерді талдау мен электронды дауыс беру нәтижелері арқылы жасанды интеллект алгоритмдерімен қабылданады.

Біз адамдарды жай ғана алгоритмдермен алмастырған жоқпыз. Біз адам қателіктерін, жемқорлықты және саяси тұрақсыздықты барынша азайтатын жүйе құрдық, – деді жобаның авторларының бірі, доктор Амаль Чанг.

Жоба ғылыми және саяси ортада үлкен резонанс тудырып отыр. Оксфорд университетінің футурология институтының саясаттанушысы Сандра Хоук бұл тәжірибені "ХХІ ғасырдағы демократиялық құрылымды өзгертуге жасалған маңызды қадам" деп бағалады. Алайда ол жасанды интеллект жүйесінің ықтимал тәуекелдерін ескере отырып, қатаң этикалық бақылаудың қажеттігін атап өтті.

Жобаға қазіргі таңда БҰҰ, Еуроодақ және MIT, ETH Zurich секілді жетекші университеттер назар аударып отыр. Алдағы екі жыл ішінде басқару жүйесінің тиімділігіне тәуелсіз сараптама жүргізу жоспарланған. Егер оң нәтиже берсе, бұл үлгі жекелеген қалалар мен аймақтарда енгізілуі мүмкін.

Сонымен қатар, жүйеге қатысты алгоритмдердің ашықтығы, жеке деректердің қорғалуы және адам құқықтарының сақталуы сияқты мәселелер – басты сын-қатерлердің қатарында қалып отыр. Доктор Чангтың айтуынша, адамзат "жаңа басқару формасының" табалдырығында тұр, бірақ бұл жүйе гуманистік құндылықтар негізінде құрылуы тиіс.