Джей Ло мен Backstreet Boys-тың кеші Қазақстанға қанша пайда әкеледі?

10 шілде, 2025 / Aristocrat
ОКҚ

Әлемдік мегажұлдыздар Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys-тың Қазақстанда өтетін концерттері Қазақстан қазынасына 1 млрд теңгеден астам пайда әкелуі мүмкін.

Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, мұндай ауқымдағы іс-шаралардан ел қазынасын қампайтуға болады.

Бұл – ивент-индустрияның ауқымды саласы. Жалпы алғанда біз одан түскен түсімдерді есептейміз. Астанадағы концерт үшін – 400 млн-нан астам теңге пайда түседі. Бұл сома қалай есептеледі? Негізгі бөлігі, яғни 65 пайыздан астамы – бұл жұлдыздардың гонорарынан түсетін бейрезиденттер салығы. Сәйкесінше, ол Астанада да, Алматыда да төленеді, - деп түсіндірді Мәлік Хасенов.

Сонымен қатар спикер алда әлі көп іс-шара өтетінін алға тартты.

Қазір әлі шілде айы ғана, алда әлі біз әңгіме ететін іс-шаралар ауқымы көп. Бірақ қазірдің өзінде осы концерттерді ұйымдастырумен айналысатын компаниялар тобы жылға қорытынды жасап, 1 млрд теңгеден астам салық төлейді деп күтуде, - деді компания директоры.

Айта кетерлігі, салық жалғыз емес: ол ҚҚС, бөлшек салық, бейрезиденттер үшін ұжымдық сатыс салығы болуы мүмкін. Барлық салық сайып келгенде көрсетілген соманы құрайды.

Тэгтер:

Туризм экономика концерт Джей Ло пайда