Жасанды интеллект саласындағы әлемге танымал кәсіпкер және сарапшы Ли Кай-Фу Қазақстанның цифрлық технологиялар мен ЖИ (AI) саласындағы әлеуетін жоғары бағалады.
Ол төрт негізгі бағытты ерекше атап өтті. Интеллектуалды агенттерге көшу, өзінің есептеу қуатына (GPU) ие болуы, ашық AlemLLM моделінің болуы, Қазақстанның Орталық Азия мен түркі әлемінде көшбасшылық позициясын нығайту.
Бұл Қазақстанды Орталық Азия мен түркі ЖИ саласындағы аймақтық көшбасшыға айналдырып қана қоймай, көрші елдерге де ортақ түркі моделін құруға көмектеседі. Мұндай модель бүкіл өңір экономикасының дамуына серпін беруі мүмкін, - деді сарапшы.