Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Air Astana 24 маусымда Алматы мен Астанадан Дубайға, ал Шымкенттен Дохаға ұшатын рейсті тоқтататпақ, деп хабарлайды әуе компаниясына сілтеме жасаған aristocrat.kz.
Әуе компаниясының Telegram-каналында хабарланғандай, Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мына рейстерді тоқтатады:
КС205/206/Астана-Дубай-Астана
КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы
KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер)
Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта броньдау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.
"Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады", - делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ компанияның бапсасөз қызметі туындауы мүмкін кез келген сұрақтар бойынша хабарласуға болатын контактілерді ұсынды:
+7 727 244 4477 (24/7)
+7 7172 584477 (24/7)
+7 702 702 4477 (24/7)
Рейстің кешігуі мәселесі бойынша: +7 7272 44 44 78 (24/7)
WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)
Online chat: airastana.com (24/7)
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компанияларына алты ел – Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінің үстінен, әуе кеңістігі ішінде және оған жақын жерде арнайы бұйрық берілмеген жағдайда ұшуға тыйым салған болатын.