Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aristocrat.biz
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсіңдірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізген.
Айта кетейік, 16 маусымда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді. Қытай көшбасшысын Астана әуежайынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.Кейін Қазақстан президенті мен ҚХР төрағасы жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылғаны белгілі болды.