Илон Маск Трамптан кешірім сұрады

11 маусым, 2025 / Aristocrat
Фото: Grzegorz Wajda / Global Look Press

Илон Маск АҚШ президенті туралы кейінгі жазбалары үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды aristocrat.biz .

Tesla және SpaceX негізін қалаушы мәлімдемелерінде тым артық кеткенін мойындады. 

– Өткен аптада президент туралы жазған кейбір жазбаларыма өкінемін. Шектен шығып кетіппін, - деп жазды кәсіпкер X желісінде Дональд Трамптың аккаунтын белгілеп.

Бұған дейін Илон Маск X парақшасында республикашылдардың ауқымды заң жобасын қатал сынға алған болатын. Кейін Маск пен Трамптың жанжалынан соң олардың компаниялары акцияларының құны құлдырады. Осы жағдайларға қатысты Трампқа Илона Маскты АҚШ-тан шығарып жіберуге кеңес берілді. 

Тэгтер:

Трамп АҚШ Илон Маск