Президенттің жарлығымен Ермек Көшербаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол 1988 жылы Қиров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша, кейін 1993 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын сыртқы істер министрлігінде бастап, кейін Қазақстан президенті әкімшілігі, елшілік, премьер-министр аппараты, ірі мемлекеттік және жеке компаниялар, сондай-ақ түрлі қоғамдық және саяси ұйымдарда қызмет атқарған.
Ол Қазақстандағы ірі мемлекеттік компанияларда және саяси ұйымдарда басшылық қызметтерді, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары мен бірінші орынбасары, вице-министр, министрліктердің жауапты хатшысы, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысының әкімі лауазымдарын атқарған.
2025 жылғы 14 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Ол қазақ, орыс, ағылшын, неміс және корей тілдерін меңгерген.