Сұрхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы жігітке күштеп күйеуге берген. Бір азамат қаржылай пайда алу үшін оларға шариғат бойынша неке қиған, деп хабарлайды Өзбекстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкілі.
Анықталғандай, 7 тамыз күні Денов ауданында тұратын 1958 жылы туған әйел кәмелеттік жасқа толмаған немересі А.Р.-ны (2009 ж.т. қыз бала) сол ауданда тұратын М.Р.(1997 ж.т.) есімді азаматқа күйеуге берген.
А.Р. кәмелеттік жасқа толмағандығына байланысты М.Р.-мен заңда белгіленген тәртіппен есепке алынбаған, азамат И.М (1950 жылы туған ер адам) материалдық пайда алу мақсатында оларға діни неке қию рәсімін жасаған.
Осы оқиға бойынша И.М.-ға қатысты ӨР ҚК-нің 125-1-бабымен, азамат М.Р-ға қатысты ӨР ҚК-нің 128-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді Денов аудандық ішкі істер бөліміне қарасты тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.