Елордалықтар қашаннан бастап LRT-мен жүре алады – әкім жауап берді

9 маусым, 2025 / Aristocrat
Фото: t.me/KZgovernment

Ақорда кулуарында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT нақты қашан іске қосылатыны жөніндегі сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Кеше алғашқы екі вагон келді. Жаздың соңына дейін барлық құрам жеткізіледі, қыркүйекте техникалық іске қосуды бастауды жоспарлап отырмыз.

Мен сізге қала өкілі ретінде айтып отырмын. Қыркүйек айында техникалық іске қосуды бастауды жоспарлап отырмыз, одан әрі регламентке сәйкес 3 айдан 6 айға дейін іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп үміттенеміз, қаңтар-ақпанға созылуы мүмкін. Бірақ бірінші тоқсанның соңына дейін (2026 жылдың – ред.) жолаушылар бұл көлікті пайдалана алады деп жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тэгтер:

лрт Елорда Астана әкім