Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534 миллиард теңгеге жетті

15 тамыз, 2025 / Aristocrat
Фото: zakon.kz

2025 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534,3 миллиард теңге, яғни 64 440,6 миллион долларға жетті. 

Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнім өсімінің 22,2%-ы болды. Мемлекеттік қарыздың ішінде, үкіметтік қарыз 32 191,7 миллиард теңге (61 860,7 миллион доллар) немесе мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 96,0%-ға тең.

Үкіметтік қарыздың құрылымы:

Ішкі қарыз – 23 794,0 миллиард теңге (73,9%),

Сыртқы қарыз – 8 397,7 миллиард теңге (26,1%).

Жергілікті атқарушы органдардың өзге несие берушілер алдындағы қарыз портфелі шамамен 1 342,5 миллиард теңге (2 579,9 миллион доллар), мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 4,0%-ын құрады.

Бұған дейін 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 триллион теңге болған еді. Көрсеткіш Жалпы ішкі өнімнің 23,7 пайызы болды.

Тэгтер:

Қазақстан экономика Қарыз мемлекеттік қарыз ішкі қарыз сыртқы қарыз