Бұл жағдайдан көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын. Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем үшін жазба жариялады

Бүгін, 12:11 / Aristocrat
Фото: https://www.instagram.com/zhugunussov.mj/

Танымал хитмен Мирас Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, басы дауға қалған ағасына қатысты ойын бөлісті.

“Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сөзінше, әндерінің дені нәзік жандыларға арналғандықтан, әрқашан қызға құрмет көрсету керек екенін естен шығармаған. 

“Менің шығармашылығым адамға құрмет жайлы. Нәзік жандыларға арналған әндерім де бар. Өйткені әйел адамның орны менің өмірімде ерекше. Бұл жағдайдан көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды”, – деп жазды Мирас. 

Айта кетейік, Ақтөбеде мешітте ер адам қызға тиісіп, бір реттік некеге тұруға ұсыныс білдірген еді. 

Тэгтер:

Рүстем Жүгінсов Мриас Жүгінісов дау мешіт қыз харрассмент