20 млн теңгеге жуық айыппұл: Әуежайда қандай сөздерді айтуға болмайды

30 шілде, 2025 / Aristocrat
ашық дереккөзден

 Әуежайдың баспасөз қызметі әуежайға келгенде бомба, жарылыс, қару туралы тіпті «әзілдеп» айтуға тыйым салынғанын ескертеді. 
Бұл тыйым салынған сөздерді әуежайда айтып қалсаңыз, ҚК 273-бабы бойынша теракт, атыс немесе қауіп туралы жалған немесе үрей тудыратын ақпарат таратқаныңыз үшін 5000 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл дегеніміз 20 млн теңгеге жуық қаржы немесе дәл сол көлемде қоғамдық жұмыстарға тартылуыңыз мүмкін, кей жағдайларда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. 

— Бұл жай ғана ұсыныс емес. Бұл қауіпсіздік пен заң алдындағы жауапкершілік мәселесі. Жалған ақпарат таратқан адам рейстен түсіріледі. Рейс кейінге шегеріліп, басқа жолаушылар тексерістен қайта өтеді. Ал ереже бұзған адам желілік полиция өкілдеріне беріліп, тергеу шаралары басталады. Бір ғана сөз миллиондаған шығынға және бірнеше рейстің кешігуіне әкеледі. Видео түсіріп жатсаң да, контент үшін еркіндігіңе қауіп төндірме, — делінген хабарламада.

Тэгтер:

Тегтер: Теракт Айыппұл Қылмыс Әуежай Қауіпсіздік