Перизат Қайрат анасын ортаға салып, 23 млн теңгеге гүл бизнесін сатып алған

16 шілде, 2025 / Aristocrat
Коллаж: Kazinform

 Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты 3,5 млрд теңге көлемінде қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқыру дерегі бойынша өтіп жатқан сот процесі жалғасып жатыр.

Сот отырысында Rebel Flowers гүл бизнесінің бұрынғы иесі Ләйлә Троицкая жауап берді.

Оның айтуынша, өзін Ғайни Алашбаева (Перизат Кайраттың анасы) деп таныстырған әйел қоңырау шалып, дүкенді сатып алуды ұсынған. Алайда Ләйлә Троицкая келіссөз жүргізу және есеп айырысуды тікелей Перизат Кайратпен жүргізген.

Куәгер келтірген мәлімдемеге сәйкес, Перизат Қайрат гүл бизнесін 23 миллион теңгеге сатып алған, оның ішінде:

- 2 миллион теңгені басында аударған;

- 10 миллион теңгені қолма-қол берген;

- 11 миллион теңгені онлайн аударым арқылы төлеген.

Сондай-ақ Talan Gallery өкілдерімен де кездесулер болған. Нәтижесінде бизнес Перизат Кайраттың атына рәсімделген.

Тэгтер:

Сот Гүл Перизат Қайрат Сыбайлас жемқорлықпен күрес Дүкен