Тамыз айында ел тұрғындары күнтізбеге сәйкес демалады. Одан бөлек, айтулы мереке 30 тамыз — Конституция күні келе жатыр.
Тамыз айындағы демалыс күндері:
— бес күндік жұмыс аптасында — 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
— алты күндік жұмыс аптасында — 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекеленеді. Биыл аталған мереке сенбіге түсіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен сәйкес келген жағдайда, келесі жұмыс күні демалыс саналады. Осыған байланысты демалыс күні сенбі, 30 тамыздан дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Осылайша, Конституция күніне байланысты қазақстандықтар:
— бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
— алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).
Сондай-ақ тамыз айында бірқатар кәсіби мереке бар:
— 3 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлерінің күні;
— 3 тамыз — Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
— 10 тамыз — Абай күні;
— 10 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
— 18 тамыз — Шекарашылар күні;
— 18 тамыз — Спорт күні;
— 29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;
— 31 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) — Кеншілер күні.
Айта кетсек, елімізде 6 жаңа кәсіби мереке пайда болады.