Бейсен Жолболдиев — Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

«Біздің мақсат – кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау»

Пандемия салдарынан әлем елдерінде шағын және орта бизнестің
қызметі тоқтап, кейбірі күнделікті табысын жоғалтса, ал кейбірі
банкроттық жағдайдың алдында тұр. Бұл жағдайдан біздің мемлекетіміз
де тысқары емес. Әлбетте, карантин режимі ел экономикасына өз әсерін
тигізбей қоймайды. Бұл тұрғыда Нұр-Сұлтан қаласының
кәсіпкерлерінің жағдайын білу мақсатында және «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлік палатасының жұмыс жоспары туралы Нұр-Сұлтан қаласы
Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен
Жолболдиевтен сұқбат алған едік. 

Бейсен Бөгенбайұлы, карантин режимі жарияланғаннан кейін
кәсіпкерліктің басым бөлігінің жұмысы тоқтап,  шектеуге байланысты
олардың көпшілігі қаржылық қиындыққа душар болғаны рас. Осы
тұрғыда Елордалық кәсіпкерлерге қандай қолдау болды және карантин
режимі әлі толық аяқталмағандықтан қандай қолдаулар
қарастырылмақ?
  Иә, бұл сынаққа барлық мемекеттер тап келді. Қазір барлық елдерде «бұл
дағдарыстан қалай шығамыз?» деген бір ғана сұрақ алаңдатып отыр. Өз
кезегінде біздің еліміз де дағдарысқа қарсы шаралар ұйымдастырып жатыр.
Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасынының
алаңында азаматтық дағдарысқа қарсы штаб құрылды, оның шеңберінде
Кәсіпкерлер палатасы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өкілдерімен бірлесе
жұмыс жасап, біршама  бизнес салаларына көмек көрстілді. Мәселен, қала
бойынша жүріп-тұру және блок-бекеттерді орнату кезінде бизнес өкілдеріне
өткізу режимінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, басқа мәселелер реттелді.
Мысал ретінде айтар болсақ, 8 ірі сауда орталықтарындағы жалға
берушілерімен жалдау ақысын тоқтата тұруы; 6 ірі меншік иелерімен жалдау
ақысын азайту; комуналдық төлемдер және қолданылу шығыстары бойынша
төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру; екінші деңгейлі банктер мен
бірлесе жұмыс жасау арқылы 1200 несие бойынша берешегі бар
кәсіпкерлердің төлеу мерзімі ұзартылды; компания қызметкерлері үшін
42500 тенге көлемінде әлеуметтік төлемдер алу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Ұлттық палатаның қолдауымен 29 салада жұмыс істейтін

кәсіпкерлерге несиелері мен салықтарын кейінге шегеруге мүмкіндік берді.
Төтенше жағдай кезеңінде
5,6 мың кәсіпкер форс-мажор туралы куәлікті тегін алды. Бірқатар
медициналық өнімдерге импорттық кедендік баждар да жойылды.
«Атамекен» төтенше жағдайында зардап шеккен қазақстандықтар үшін
42,500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер тағайындаудың бастамашысы
болды.
 Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдаудың
қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша
қолдаулар қарастырылды: олар, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау,
жылдық 8 пайызбен айналымға арналған несие, қаржы айналымын
толықтыру бағдарламасын ұзарту, еңбекақы қорынан салық төлеуді алып
тастау және жалдау төлемдерін тоқтата тұру.
Бизнеске локдауннан шығуға қолдау көрсету мақсатында тиісті
кеңестер жүргізілді, осы жұмыстың барысында «Атамекен» бизнес-
қоғамдастық және мемлекеттік органдармен бірлесіп, санитарлық
нормаларды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің 40-тан астам алгоритмін
әзірледі, санитарлық-эпидемиологиялық аймаққа (қызыл, сары, жасыл)
байланысты кәсіпкерлік қызметті шектеу ережелері де әзірленді.
Бизнестің локдауннан шығуы және жұмысты жаңарту үшін
ҚР Үкіметімен бірлесіп, Infokazakhstan платформасы әзірленді. Платформаға
тіркелу арқылы кәсіпкерлер шектеулермен жұмысты қайта бастауға рұқсат
алды. Өткен жылдың тамыз айынан бастап платформаға Нұр-Сұлтан
қаласының 21 мыңнан астам кәсіпкер тіркелді.
«Атамекен» ҰКП бастамасымен мониторингтік топтардың
тексеру жүргізуінің ережелері әзірленді. Кәсіпкерлерді бұдан былай тек қана
5 түрінде ғана тексеруге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, мониторингтік топтар
кәсіпкерге бұзушылықтар үшін айыппұл сала алмайды.

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жанында Іскер әйелдер
кеңесі құрылғанынан хабардармыз. Жалпы кәсіпкерлер арасында нәзік
жандылардың үлесі қандай?  Кәсіпкер әйелдерге қандай қолдаулар бар?
Нұр-Сұлтан қаласындағы белсенді жұмыс істеп тұрған 144 мың
кәсіпкерлердің арасында нәзік жандылардың үлесі 44,5%-ды, немесе 64 мың
кәсіпкерлерді құрайды.
Кәсіпкер әйелдерге қолдау шараларына тоқталатын болсақ, бұл
мақсатта келесі мемлекеттік қолдау бағдарламаларын айта кеткен жөн:
 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және
жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» атты мемлекеттік
бағдарламасы (2020 жылы бизнес-идеяларды іске асыру үшін
бөлінген 561 грант ішінен 40-тан астамын кәсіпкер әйелдер алған
болатын, грант мөлшері 555 800 тг.);

 «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 2020
жылы мақұлданған 195 жобаның 38 – і (19,4 %); 
 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2020
жылы мақұлданған 37 жобаның ішінен кәсіпкер әйелдердің үлесі
8 жоба (21,2 пайыз); 
Сондай-ақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер
палатасы 6000-нан астам кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсетсе,
соның 57 пайызы Әйел кәсіпкерлері.

 Жалпы кәсіпкерліктің қай саласы жақсы дамып, қай саласы кері
кетіп барады?  Бүгінгі цифрлы технологияның дамыған кезінде 
кәсіпкерліктің жаңа бағыты да пайда болған болар?
    2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша тауарлар өндірісінде өсім
байқалуда – 8,7 пайыз. Атап айтқанда, құрылыс көлемі +2,6 пайызға, өңдеу
өнеркәсібі +15,8 пайызға өсті. Бұл ретте көлік және қоймалау саласы — 11,7
пайызға төмендеді.   Осы кезеңде қызмет көрсету секторы да айтарлықтай
төмендеді. Экономиканың жалпы ішкі жағдайы -0,4 пайызға төмендеп отыр.
Бүгінгі таңда бизнеске нақты цифрлық стратегия қажет. ҚР ірі
компанияларының IT-директорларының сауалнама нәтижелеріне сәйкес,
көпшіліктің басымдығында операциялық тиімділікті арттыру және бизнес —
процестерді жақсарту басты мақсат десек болады.
 Палатаның кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай бағдарламарын
баса айтар едіңіз?
Кәсіпкерлерді қолдаудағы басты бағдарламалары, жоғарыда айтылып
өткендей олар: «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-
2025″, «Еңбек» және Пандемия кезінде қосымша қабылданған Ұлттық қордан
қарастырылған Айналымға 8% арналған бағдарламаларын атап өтуге болады.
Сонымен бірге Қаржылай емес қолдау бағдарламалары да жеткілікті, олар
Сервистік қызмет, Бастау Бизнес және т.б.
Жаңа 2021 жылға арналған Палатаның жоспарымен бөліссеңіз?
2021 жылға басты жоспар Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкерлікті
дамыту мақсатында, заңнамалық актілерге ұсыныс жасау, жаңа бағытта
аймақтық бағдарламаларды дамыту, көрсетілетін қызметтерді цифрландыру,
кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау, бизнесті карантиннен шығару жолдары
және басқа да бағытта жұмыс жасау көзделіп отыр.
 
Бейсен Бөгенбайұлы, енді жеке өміріңізге қатысты соңғы сұрақ қойсақ.
Қайда білім алдыңыз, отбасыңыз?

   Мен Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келдім. ҚР
Президентінің жанындағы Басқару академиясын, кейінірек Президенттің
Халықаралық Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Уарвик
Университетін (Warwick University) бітіріп, жалпы 10 жылдай мемлекеттік
қызметте қызмет етіп, соңғы 6 жыл бизнесте жұмыс жасап келемін.
Үйленгенмiн, 2 қызым және 1 ұлым бар. Бос уақытым болса отбасыма көңіл
бөлiп, өзiмдi жетiлдiруге күш саламын.
 
Ойға алған істеріңізге сәттілік тілей отырып, өзіңізге сұқбат бергеніңіз
үшін алғыс білдіреміз!

Сұқбаттасқан: Наурызбек САРША

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *