Ерлан Ақмұрзаев,
тіс дәрігері, «SultanDent» клиникасының басшысы:
«Тісті дұрыс күтінбеу — көптеген залалға әкеп соғады»
Тіс – ас қабылдауға көмекші, тіс – күлкінің көркі, тіс – саулықтың
белгісі. Тістің адам өміріндегі рөлі қай заманда болмасын маңызды
болғаны баршаға аян. Егер бағзы заманда ауырған тісті жұлудан басқа
амал болмаса, бүгінде оны емдеп қана қоймай, түзету арқылы оған сән
де беруге болады. Мұнымен шектелмей, егер сіздің кей тістеріңіз туған
кезіңізден жоқ болатын болса да қорқынышты емес, жаңа тіс салуға
болады. Осындай мүмкіндіктерге қарамастан тіс дәрігерінің жұмысы
азаяр емес. Өйткені бүгінде тіске қойылатын талап күшейіп кетті. Тістің
сау тұруынан бастап, оның түп-түзу, әрі көркем болуына дейін. Осы
орайда «Аристократ» редакциясы тіс дәрігері, «SultanDent»
клиникасының басшысы Ерлан Еркенұлы Ақмұрзаев мырзамен
арнайы сұхбат құрып, оның жұмысымен танысып қайтты.
– Қазақстанның стоматология саласында қандай қиындықтар бар?
Біріншіден, бүгінде дәрігерлердің білім деңгейінің төмен болуы және
өз дәрежесінде қызмет көрсетпеуден, білікті маман жетіспеушілігі
салдырынан сапалы стоматология аз. Екіншіден, халықтың өз денсаулығын
күтуге деген селқостық танытуы. Бізде ауруымыздың асқынғанын соңына
дейін күтіп, сосын ғана дәрігерге барады.
– Тісті қалай күту қажет? Адамдардың жіберетін қателіктері?
Тісті міндетті түрде тазалап тұру керек, тек жеке турде гана емес, тіс
дарігерінің көмегіне жүгіне отырып, кәсіби тазалау маңызды.
– Тіс күтіміне байланысты мифтерді атай аласыз ба? Мысалы, тісті
қайта-қайта жуу эмальді бұза ма?
Тісті бірнеше рет жуғаннан эмаль бұзылмайды. Егер тісті тұрақты
тазалап тұрмаса, онда тістің шеті тамақ қалдықтарымен қапталады, бұл
кейіннен бұзылуына әкеледі. Тісті қайта-қайта тазалаудан эмаль
бұзылмайды, тісті дұрыс тазаламағаннан бұзылады.
– Тіс ауруынан адам қайтыс болатын жағдайлар бола ма? Қаншалықты
жиі?
Ия, әрине болады, бірақ өте сирек. Ондай жағдайлар тек тістің күтіміне
мүлдем көңіл бөлмейтін кезде болады.
– Стоматологтың аппараты қайда жасалады? Қанша тұрады орташа
бағасы?
Стоматологиялық аппараттарды жасау Германия, Словакия, Чехия және
Қытай елдерінде қатты дамыған. Орташа бағасы $ 5 000 – $ 30 000 барады.
Заманауи стоматологиялық аппараттар арнайы заводтарда шығарылады,
орташа бағасы шамамен 500000.
– Жасанды тістерді өздеріңіз жасайсыздар ма, әлде қалыбын алып
арнайы жасайтындарға бересіздер ме?
Жасанды тістерді тіс дәрігерлері жасамайды, алайда жасайтындар да
кездеседі. Біз қалып алып тіс техниктеріне береміз.
– Қазір стоматологқа тісті емдету үшін емес, сән үшін келетіндер
көбеюде. Яғни түрлі технологиялар арқылы қисық тістерді дұрыстау
немесе сары тістің ағарту деген секілді. Алайда мұның қымбат екенін
естиміз. Брекет арқылы тісті туралау қаншалықты қымбат?
Тісті брекет аркылы туралау, менің ойымша, қымбат емес, себебі ортодонт
дәрігер, брекет салып болғаннан кейін, 1 жыл бойы қабылдап отырады.
– Тіс дәрігерін қалай таңдау керек? Ең қымбаты — ең сапалысы дегенді
білдіре ме?
«Ең қымбаты — ең сапалысы» деген мүлдем алдамшы нәрсе. Себебі, ақша
үшін ғана емес, өзінің жұмысын сүйетін дәрігерлер өте көп.
– Тіс имплантациясын жасау туралы айтып өтсеңіз?
Тіс имплантациясы адамдар ойлағандай соншалыкты қорқынышты емес.
Барынша тиімді жұмыс жасау үшін біз бұл саланың шеберлерінен үйренуге
тырысамыз.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.
Сұхбаттасқан: Наурызбек САРША